1 «А» сыныбында «Қауіпсіз ойындар» тақырыбында жеке қауіпсіздік бойынша әңгіме сабағы өткізілді. Сабақ барысында балалар ойын ойнау кезінде қандай ережелерді сақтау керектігін, әртүрлі жағдайларда қалай әрекет ету қажеттігін талқылады. Сабақ соңында оқушылар алған білімдерін іс жүзінде қолданып, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ойындар ойнады.